Автобус елорданың 8 тұрғын алабы бойынша жүреді
Қарттар күнін мерекелеу аясында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен ардагерлер кеңесі бірқатар іс-шара өткізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Сонымен, қалалық филармония әртістері туристік автобуста арнайы концерт ұйымдастырады. Шара әлеуметтік қашықтық сақтау мақсатында автобустың жоғарғы қабатында өтеді.
«Көлік сағат 09:20-да қозғала бастайды және елорданың 8 тұрғын алабы бойынша жүреді. Атап айтқанда, картада Кенесары даңғылынан Жеңіс даңғылына, Абай даңғылынан Брусиловский көшесіне, Пушкин көшесінен Ш. Құдайбердіұлы көшесіне дейін, Ғ. Мұстафин көшесінен Қобыланды батыр көшесіне, Б. Момышұлы көшесінен Сарайшыққа, Саураннан Қабанбай батыр даңғылдарына, Республикадан Кенесары көшесі, Арбатқа дейін аралайды», - делінген хабарламада.
Жол бойы мерекеге байланысты құттықтаулар айтылып, танымал орындаушылардың халық және заманауи әндер орындалады.