Бұдан бұрын The Ring журналы оны әлемдегі ең мықты он боксшы қатарына енгізген еді
Ringsidereport.com журналисі Гари Уильям Геннадий Головкинді қазіргі заманға үздік боксшылар үштігіне енгізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
«Джошуа, «Канело» және Головкин — бокстың үш жарқын жұлдызы», - деп есептейді Уильям.
Бұдан бұрын The Ring журналы салмақ санатына қарамай (pound-for-pound) әлемнің ең үздік боксшылар рейтингін жаңартқан болатын. Головкин әлемдегі ең мықты он боксшы қатарына енген еді.
Айта кету керек, Геннадий Головкин келесі айқасын поляк Камил Шереметамен өткізеді. Ол жекпе-жекте IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулының иегері анықталады.