Бұл жол-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты
30 қыркүйектен 7 қазанға дейін Керей, Жәнібек хандар көшесінен оңтүстік-батыс айналма жолға дейінгі учаскеде автокөлік қозғалысын толық жабу жоспарланған. Бұл жол-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Қалада кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарламасында.