Бұл облыстарда қатты жел соғып, жаңбыр жауады
Қазақстанның бес облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
1 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.
Қызылорда облысының кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.