Ол пандемия кезінде кепілдендірілген тегін медициналық перпараттарды ала алмаған
Қарағандылық журналистің денсаулық сақтау министрлігі мен оған қарасты 3 бірдей ұйымға қарсы жасаған шағымы бойынша алғашқы сот отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Қатерлі ісікпен ауыратын тілші пандемия кезінде кепілдендірілген тегін медициналық перпараттарды мүлде алмаған. Салдарынан аталған министрлікпен қатар «СҚ-Фармация», облыстың денсаулық сақтау басқармасы мен қалалық аурухананы сотқа береді. Себебі қажетті препараттардан қағылған ол, денсаулығына аса қажет дәрі-дәрмекті өзі іздеп, өз қаражатына сатып алған. Ол материалдық шығын ретінде 42500 теңге талап етіп отыр.
«Наурыз айында маған бұрын қабылдап жүрген дәрілердің аналогы келді. Тағы да дәрі жеткізу мәселесі туындаған шығар дедім де қойдым. Бірақ мамыр айында сол аналог та келмей қалды. Мен 2 жыл бойы қатерлі іскке қарсы осы дәрілерді ішіп келдім. Ал оны үзіп алсам, денсаулыққа өте қауіпті болмақ. Амалсыз дәріні өзім іздей бастадым. Нәтижесінде аталған дәрі-дәрмектер ел бойынша дер кезінде алынбағаны белгілі болды. Сонда ақшасы жоқ, бірақ мен сияқты ауыратын адамдардың жағдай не болмақ?», - деді Ирина Московка.