Рудный қаласының әкімі отставкаға кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Бақытжан Ғаязов бұл қызметте 9 жыл болды

Фото: qostanai.media

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Рудный әкімі Бақытжан Ғаязов қызметінен босатылды. Ол отставкаға кету туралы өтініш жазған және оның өтінішін Қостанай облысының әкімі мақұлдаған.

Еске сала кетейік, қыркүйек айының басында Рудный қалалық соты Қостанай облысы Качар ауылының экс-әкімі Арман Алдоңғаровты өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін ысырап ету мен жымқырғаны үшін кінәлі деп тауып, сот шешімімен ол екі жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Рудный қаласы әкімі аппаратының бастығы Азамат Ысқақов үкім шыққанға дейін Качар ауылының әкіміне байланысты отставкаға кету туралы өтініш берді.