Сейсенбі күні еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
29 қыркүйек күні Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталығында тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауады. Республиканың қалған бөлігінде күн ашық болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-23 м/с жетіп, шаңды дауыл тұрады.
Ақмола, Павлодар, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.