Екі тойға 100-ден астам адам жиналған
Петропавлдағы «Эмират» және «Созвездие» мейрамханаларында өткен екі тойға 100-ден астам адам жиналған. Бұл карантин талаптарына қайшы келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі СҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Жарлығы бойынша адамдар көп жиналатын кез-келген салтанатты іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Заң бұзушылық фактілері жөнінде учаскелік полиция инспекторлары ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша материалдар жинап, мекеме иелері мен тапсырыс берушілерге қатысты әкімшілік шаралар қолдану үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне тапсырды.
«Іс-шараны ұйымдастырушылар айыппұл төлеуді ғана емес, жауапкершілікті де түсінуі керек. Біз іс-шараларды тоқтатуға міндеттіміз. Ең бастысы, сол жерде жұмыс істейтін адамдарға және тойға келген қонақтардың денсаулығына толығымен жауап беру қажет», - деп атап өтті Петропавл қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.
Сондай-ақ, демалыс күндері Петропавлда түнгі сағат 12-ден кейін екі сауна жұмыс істеген. Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысында қыркүйек айында 99 карантин талаптарын бұзу дерегі бұзушылық анықталды.