Синоптиктер алдағы күндері Қазақстанда қандай ауа райы болатынын айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Қазгидромет алдағы күндері көктайғақ болып, күн тағы да суытатынын хабарлады

Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күндегі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қазгидромет ақпаратынша, суық әрі күшті антициклоннан Қазақстанда ауа райы жауын-шашынды болып, күн суытты. Алайда оның әсері тек алдағы тәуліктерде ғана сақталмақ.

«Антициклон артынан Ресейдің еуропалық бөлігінен атмосфералық ауа ағымдары ығысады. Соның әсерінен жауын-шашын, көктайғақ, тұман болады деп болжанып отыр. Ауа температурасы көтеріледі», - делінген хабарламада.

Бірақ, бұл да ұзаққа созылмайды деп ескертті синоптиктер. Скандинавианың солтүстігінен Қазақстанның батыс және солтүстік аймақтарына кезекті суық антициклон жылжиды.

Синоптиктер 12 қарашада республиканың үш өңірінде дабылды ескерту жариялады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында да – тұман, күндіз көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Петропавл қаласында тұман, күндіз көктайғақ және қатты жел болжанып отыр.

Тегтер: