Қаза тапқандар жоқ
Мәскеу маңындағы Ступино елдімекенінде өндіріс орнында өткел құлап, 51 адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта 51 адамның жарақат алғаны белгілі. Оның бәрі әртүрлі ауруханаларда ем алып жатыр. Кейбіреулері өз бетінше медициналық көмекке жүгінген», - деп жазылған ақпаратта.
Мұның алдында зардап шеккендер саны 39 болатын. Оның ішінде 18 адам ауыр халде жатыр. Қаза тапқандар жоқ. Зардап шеккендердің барлығы - Қырғызстан азаматтары.