Атыраудың оң жағалауында екі күн газ болмайды

Автор: Azattyq Rýhy

Қалада жылыту маусымы алдында газ желілері тексеріледі

Фото: ашық дереккөзден

Атырау қаласының жартысы екі күн бойы газдан ажыратылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау филиалы 30 қыркүйек және 1 қазан күндері Жайық өзенінің оң жағалауына газ берілмейтінін ескертеді. Жылыту маусымы алдында газ желілерін тексеру жұмысын жүргізу үшін газды уақытша өшіруге тура келіп тұр», - делінген хабарламада.

Ведомство қала тұрғындары мен қонақтарын түсіністік танытып, қауіпсіздік техникасын сақтауға шақырады.

Тегтер: