15 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Олардың арасында 45 бала бар. Стационарларда 1 808 науқас жатыр. 1 527 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 91 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - деп жазылған хабарламада.