Алматы облысында үш күнде 900-ге жуық жаяу жүргіншіге айыппұл салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Облыста профилактикалық іс-шара өтті

Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында үш күн ішінде профилактикалық іс-шара барысында 871 жаяу жүргіншіге айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Кейбір жаяу жүргіншілер әлі де өз өмірі мен денсаулығына, сонымен қатар басқа жол қозғалысының қатысушыларына қауіп төндіріп, белгіленбеген жерден жолды кесіп өтеді. Бұл жаяу жүргіншілердің заңды елемейтінін көрсетеді», - деп жазылған ақпаратта.

Полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау және болдырмау  бағытында алдын алу жұмыстарын атқарып жатыр. Сонымен қатар жүргізушілер құрамына көлік қою, белгілер мен таңбалар, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелерін сақтау бойынша бақылау күшейтілді.