Ауылдарда бекет орнатылды
Павлодар облысында тағы екі ауылдан құс тұмауы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Железин аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бауыржан Қаңтарбаевтың айтуынша, Жаңа жұлдыз ауылында 1 қыркүйектен бастап 2187 бас құс өлген.
«Біз алған нәтижелер оң болып шығып, дереу жерді жыртып, ауыл шетіне бекет орнаттық. Дүйсенбіге қарай біз жоғары патогенді құс тұмауының анықталуына байланысты Жаңа жұлдыз ауылының аумағында карантин орнату туралы ауылдық округ әкімінің шешімінің заңды растамасын аламыз», - деді Бауыржан Қаңтарбаев.
Эпизоотияға қарсы топтың қызметкерлері қазірдің өзінде Железин ауданындағы Ақтау ауылында 1500-ге жуық құстың 300-ге жуық басын ұстап, көзін жойған. Бұнда карантин 23 қыркүйекте енгізілді.
ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Рашид Нұрбеков Ертіс ауданындағы Ағашорын ауылында 56 үй құсы өліп, сараптама нәтижесі құс тұмауын анықтағанын айтты.
«Ертең біз ол жерге тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін барамыз. Ауыл әкімінің шешімі тіркелген бойда құстарды ұстап, жоятын боламыз», - дейді Рашид Нұрбеков.