Қостанай облысының әкімі қанша айлық алатынын айтты
Архимед Мұхамбетов «Жемқорлық біз үшін емес!» акциясын қолдады
16 қыркүйекте «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі «Жемқорлық біз үшін емес!» атты ауқымды акцияны бастады. Акция аясында министрлер мен орталық мемлекеттік органдардың басшылары, өз қызметінің ашықтығын көрсетуі тиіс, жалақысы туралы ақпарат жариялауға және «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесіне ақпарат жіберуге міндетті екенін жеткізді. Сонымен қатар оларға, сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу шаралары бойынша хабарлау, сондай-ақ өз ұсыныстарын енгізу қажет.
Айта кету керек, бұл жұмысты еліміздің барлық өңірлерінде облыс әкімдерінің орынбасарлары және мемлекеттік органдардың басшылары жүргізуі тиіс. Ал, акция қорытындысы бойынша барлық қалалар мен аудандар әкімдеріне берілетін бағада: басшылықтың қаншалықты ашық екендігі, транспаренттілігі, халық дауысын естуі ескеріледі. мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметін бағалау, тұрғындарға сауалнама жүргізу арқылы жүргізілетін болады.
Бұл акция 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне дейін жалғасып, ең тиімді басшылар таңдалады.
Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов осы акцияны қолдау барысында Instagram желісінде айына қанша жалақы алатынын ашық айтты. Өңір басшысының айтуынша, оның айлық жалақысы – 766 мың теңге.