2021 жылы алғаш рет ауыл әкімдерін сайлау өтеді
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің штат санын келер жылы 15%-ға қысқарту жүргізіледі
Қазақстанда 2021 жылдан бастап алғаш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының ҚР Президентінің жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарында айтылған.
«Мемлекетті басқарудағы азаматтық қатысу» бөлімінде ҚР заңнамасына ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу үшін қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған.
Ал 2021 жылы өкілеттігі дәл осы жылы аяқталатын ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің штат санының лимиттерін 2020 жылы 10%-ға, 2021 жылы 15%-ға қысқарту жүргізілетін болады.
Квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің штат санын 2020 жылы 10%-ға, 2021 жылы 15%-ға қысқарту жоспарланып отыр.
Жоспарға барлығы Тоқаев белгілеген негізгі бағыттар бойынша 145 тармақ кірді.