Коронавирус белгілері бар пневмониядан тағы бір адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Бір тәулікте 228 адамнан індет анықталды

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмониядан 1 адам көз жұмды. Ал бір тәулікте 228 адамнан індет анықталды. Бұл туралы  COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Осы жылдың 1 тамызынан бастап елімізде 31 760 пневмониямен ауырған. Олардың 26 805–і сауығып шықса, 346 адам қайтыс болды.

Қазақстанда қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 495 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 36 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 810 науқас жатыр. 1 685 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 95 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.