Алексей Навальный Берлиндегі «Шарите» ауруханасынан шығарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ресейлік оппозиционер бұл мекемеде 32 күн емделді

Сейсенбі күні, яғни 22 қыркүйекте Алексей Навальный Берлиндегі «Шарите» клиникасының стационарынан шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Науқастың денсаулығы жақсарды. Алексей Навальный «Шаритеде» 32 күн емделді, оның 24 күні жансақтау бөлімінде болды», — делінген медициналық мекеме хабарламасында.

Дәрігерлердің айтуынша, Навальный жақын арада толық сауығып кетеді.

Еске сала кетейік, 20 тамызда ресейлік оппозиционер Алексей Навальный жансақтау бөліміне түскен еді.