Алматыда қар көшкіні жүруі мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Тұрғындарға тауға шығудың қауіпті екені ескертілді

GISMETEO

Алматыда ауа райының бұзылуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында 11-12 қараша аралығында қар көшкіні жүруі қаупі күтілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» синоптиктері хабарлады.

Бүгін және ертең шаһарда жаңбыр жауады деп күтілуде. Бұл өз кезегінде қар жабындыларының еруіне және жылжыуына алып келеді. Мамандар осыған байланысты тұрғындарға тауға шықпауға кеңес берді.

«Қатты жауын-шашынға және қар жамылғысының тау қыратындағы тұрақсыз күйіне байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында 11-12 қараша аралығында қар көшкіні қаупі күтілуде. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты қарлы тік жартастарға шығу ұсынылмайды», - делінген аталған хабарламада.