Қазақстанда коронавируспен ауырып жатқан 100 науқастың жағдайы ауыр

Автор: Azattyq Rýhy

19 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавируспен ауырып жатқан 100 науқастың жағдайы ауыр. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 611 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 36 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 897 науқас жатыр. 1 714 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы, науқастардың арасында 100 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 14 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 19 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.

Өткен тәулікте 20 адамның COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғаны тіркелді. Бір тәулік ішінде 30 адам жазылып шықса, 1 адам қайтыс болған.

Осы жылдың 1 тамызынан бастап елімізде 31 168 адам пневмониямен ауырған. 345 адам көз жұмды. Барлығы 26 739 адам сауығып шыққан.