COVID-19: Билл Гейтс пандемияның қашан аяқталатынын болжады

Автор: Azattyq Rýhy

Сонымен қатар ол АҚШ билігін сынға алды

Фото: galamedia.pikiran-rakyat.com

Коронавирус пандемиясы 2022 жылы аяқталуы мүмкін. Бұл туралы Microsoft компаниясының негізін қалаған Билл Гейтс Fox News телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі.

«2021 жылы біз вирустың таралуын бәсеңдете аламыз. Қазір вакцина жасау технологиялары қолға алынды. Сондықтан мен оптимистік ойдамын», - деді ол.

Билл Гейтстің айтуынша, пандемия кезінде вакцинациялау деңгейі 14 пайызға азайып, соңғы 20 жылдағы прогресті жойған.

Ол АҚШ-тағы коронавирусты анықтау тестілерінің пайдасыз екенін әрі оған көп уақыт жұмсалатынын, ал диагностикаға көп адамның қолы жете бермейтінін сынға алды.