Шұғыл26 қазаннан бастап Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың бәрінде ПТР анықтамасы болуы керек

Қазақстанда «Синий кит» ойынының қазақша баламасы пайда болды

Сатылап берілетін нұсқаулар бойынша балалар күн сайын тапсырмалар орындайды

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерді суицидке жетелейтін қазақ тіліндегі ойындардың баламасы пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Ақтөбе Таймс» басылымына сілтеме жасап.

«Интернетте атауы ұдайы өзгеріп жататын қазақ тіліндегі қосымшалар мен топтар құрыла бастады. Яғни, бұлар Қазақстанға арнайы бейімделген ойындар. Олардың барлығы да «Синий кит» ойынының негізінде жасалған. Сатылап берілетін нұсқаулар бойынша балалар күн сайын тапсырмалар орындайды. Ал соңғы тапсырма – суицид. Сондықтан да ата-аналар балалардың интернетті пайдалануын мұқият бақылағаны жөн», – дейді Ақтөбе денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс психологы және штаттан тыс бас суицидологы Светлана Пошолченко.

Ол қашықтан оқыту кезінде балалар көретін ресурстарды мұқият қадағалау маңызды екенін атап өтті.

Айта кетейік, балалар үшін қауіпті «Синий кит» ойыны 2017 жылдан бастап әлеуметтік желілерде тарала бастады.