Олардың көлігі айыппұл тұрағына жеткізілген
Алматыда мемлекеттік нөмірсіз жүретін жүргізушілердің саны көбейіп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.
«Бірнеше адам жарыс ұйымдастырып, жол жүру ережелерін бұзады. Осылайша тұрғындарға да кедергі келтіреді. Ең бастысы жолдағы жүргізушілердің өміріне қауіп төндіреді», - деді Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.
Оның айтуынша, өткен тәулікте мемлекеттік нөмірсіз жүрген 50-ден аса жүргізуші ұсталған. Олардың көлігі арнайы айыппұл тұрағына жеткізілген.