Өңірде қоғамдық тамақтану объектілеріне 50-ге дейін келуші қабылдауға рұқсат етілді
Қарағанды облысында сауда орталықтарындағы дәмханалар мен театрлар жұмысын қалпына келтіруде, балаларға арналған түзету орталықтарына топтардағы балалар санын көбейтуге рұқсат етілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Карантиндік шараларды жеңілдету туралы Қарағанды облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы Серік Сықпабаев егжей-тегжейлі айтып берді.
Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес шектеу шаралары 16 қыркүйектен бастап елдің барлық өңірлерінде бәсеңдетіледі. Қарағанды облысында ашық ауада және үй-жайларда қоғамдық тамақтану объектілеріне енді залда 50-ге дейін келушілер қабылдау рұқсат етілді. Сауда орталықтарында, бірақ жеке үй-жайларда орналасқан дәмханалар мен мейрамханалар өз қызметін қайта бастайды. Бұл ретте толымдылығы 30%-дан аспауы тиіс және бір келушіге 4 шаршы метр бос кеңістік тиесілі болуы тиіс. Қоғамдық тамақтану объектілеріне енді 24.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Балалар түзету кабинеттерінде алдын ала жазылу бойынша топтардағы балалар саны 5-тен 15 адамға дейін артады. Сондай-ақ, азық-түлік дүкендері мен супермаркеттердің жұмыс уақыты 24.00-ге дейін ұзартылады.
Бизнес-орталықтар енді сағат 18.00-ге дейін жұмыс істейді.