Нұр-Сұлтанда бірнеше көше уақытша жабылады

Автор: Azattyq Rýhy

Көлік қозғалысы 20 қыркүйек сағат 8.00-ге дейін толығымен жабық болады

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда Ақбидай-Өндіріс көшелерінің қиылысындағы қозғалыс уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Жол-құрылыс жұмыстарына байланысты Ақбидай - Өндіріс көшелерінің қиылысындағы көлік қозғалысы 19 қыркүйек сағат 20.00-ден 20 қыркүйек сағат 8.00-ге дейін толығымен жабылады.

«Қалада кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деп хабарлады Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасындағылар.