Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 30 миллионнан асты

Автор: Azattyq Rýhy

COVID-19-дан 945 мыңға жуық адам қайтыс болды

Фото: ашық дереккөзден

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 30 миллионнан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Джонс Хопкинс университетінің деректеріне сілтеме жасап.

Университет мәліметтеріне сенсек, коронавирус пандемиясы басталғалы 30 миллионнан астам адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 945 мыңға жуығы көз жұмды. 20 миллионнан астам адам жазылып шықты.

Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ (6,78 млн), Үндістан (5,21 млн), Бразилия (4,46 млн), Ресей (1 млн), Перу (750 мың) мемлекеттері көш бастап тұр.