Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі мәлімдеді
Қазақстанда жерүсті сулары сапасының интерактивті картасы жұмыс істейді. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.
«Бүгін – Дүниежүзілік су сапасын бақылау күні. Қазақстанда мұндай бақылау 143 су нысанында жүргізіледі», – деп жазды министр өз Twitter парақшасында.
Министрдің сөзінше, жер үсті сулары сапасының интерактивті картасы өткен жылы әзірленді. Ол жерден барлық өзен-көлдердің су сапасын онлайн бақылауға мүмкіндік бар.
«Барша қазақстандықтарды ең бағалы табиғи ресурсымыздың бірі – суды сақтауға, оған ұқыпты қарауға шақырамын», – деген Мағзұм Мырзағалиев.