Бұл облыстарда қатты жел соғып, жаңбыр жауады
18 қыркүйекке Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
18 қыркүйекте Ақмола облысында кей жерде бұршақ, түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 23 м/с күтіледі.
18 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
18-19 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады, кей жерде күші 15-20 м/с күтіледі.
18 қыркүйекте Қарағанды облысының кей жерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерінде күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с күтіледі.
18 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерінде 15-20 м/с жетеді.
18 қыркүйекте түнде Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
18 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында найзағай, оңтүстік-батыстан соққан жел батысқа ауысып, кей жерде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
Күндіз 18 қыркүйекте Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан, күндіз кей жерде 15-20 м/с күтіледі.