Атыраудағы шағынаудандардың бірі 10 жыл бойы жолсыз отыр

Автор: Azattyq Rýhy

Халық бұл ықшамауданға 13 жыл бұрын қоныстана бастаған

Фото: ашық дереккөзден

Атырауда «Балауса» шағынауданының жолсыз күй кешкеніне 15 жылға жуықтапты. Тұрғындар жазда шаң-тозаңнан, қыста қарлы бораннан, күз-көктемде лай-балшықтан шаршағанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Халық бұл ықшамауданға 13 жыл бұрын қоныстана бастаған. Содан бері бірнеше көше пайда болды.

«Жетім көше деймін. Жол жоқ. Түнде жарық жоқ. Пошта жоқ. Жаңбыр жауған күні 270 бала мектепке  бармайды», - деді шағынаудан тұрғыны Мұханғали Қапсиықов.

Тұрғындар, тас жол сұрап талай табалдырықты тоздырған. Шенеуніктер уәдені үйіп-төгіп шығарып салатын көрінеді. Елдің айтуынша, атқамінерлер мұнда жиі келмейтін көрінеді.

Тегтер: