10 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Жексенбі еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы болады

Фото: ашық дереккөзден

Қазгидромет 10 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«10 қарашада атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа-райы сақталады, қар жауады, жел күшейеді, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Тек республиканың оңтүстік-батысы мен батысында ауа райы ашық. Кей жерлерде тұман күтіледі», делінген синоптиктердің болжамында.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

 Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

 Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Маңғыстау облысында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, таңертең және күндіз Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Тегтер: