Арыс қаласындағы жолдарды жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

Автор: Azattyq Rýhy

Қаладағы жолдардың 90%-ы орташа жөндеуден өткен

Фото: баспасөз қызметінен

Қазіргі таңда жолшылар автомобиль жолдарының 78,9 шақырымын, жаяу жүргіншілерге арналған жолдың 46,7 шақырымын жөндеуде. Сондай-ақ, жолдардың 68,6 шақырымында жарық шамдардың 2234, трансформаторлардың 52 данасы орнатылып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыстар жуырда аяқталады деп күтілуде. Орташа жөндеуден қалалық жолдардың 90% өткен. Олардың қорытындылары бойынша Арыс қаласындағы жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 95% жеткізілмек.

Тегтер: