$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.11.2019, 10:27
Жаңалықтар

Алик Шпекбаев Алматыдағы университеттерді аралады

Ол 2,5 мың оқу орнында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық қалыптастыру мақсатында парасаттылық мектептерінің жұмыс істейтінін мәлімдеді

Алик Шпекбаев Алматыдағы университеттерді аралады
Фото: баспасөз қызметінен

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумның аясында Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев Алматы қаласындағы бірқатар жоғары оқу орындарына (бұдан әрі - жоо) барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

ҚазҰУ басшылығы «Университет 4.0» жобасын таныстырды. Бүгінде ҚазҰУ-нің әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналуы al-FarabiUniversitySmartCity инновациялық платформасының негізінде ҚазҰУ әзірлеген және енгізген «Университет 4.0» тұжырымдамасының аясында жүзеге асырылуда. «Университет 4.0» жоғары технологиялық және рухани-адамгершілік платформасының селбесуіне негізделеді және еліміздің, әлемнің азаматтары ретінде жоғары деңгейлі мамандардың жаңа буынын тәрбиелеуге бағытталған.

Сондай-ақ, парасаттылық мектептері ашылды. Мектептің басты мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жаңа формациядағы жас өкілдерін даярлау.

Осыдан соң Алик Шпекбаев «НАРХОЗ» Университетіне барып, оның студенттер мен оқытушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды ұйымдастыру мәселері жөніндегі жұмысымен танысты.

«Жыл сайын мен жоғары мінбелерден НАРХОЗ университетінде жемқорлықтың тіпті иісі де жоқ деп мәлімдеймін. Университеттің менеджменті мен оқытушылары ең алдымен оқытудың сапасына және рәсімдердің ашықтығына баса назар аудара отырып, жаңаша жұмыс істейді», - деп атап өтті Алик Шпекбаев кездесуді қорытындылай келе.

Ал «AlmaU» Университетінде студенттерде қоғамға және парасаттылыққа қызмет ету қағидаттарын қалыптастыру мәселелері бойынша кездесу өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мекемесінің басшысы бүгінгі таңда еліміздің 2,5 мың оқу орындарының базасында жастардың бастамаларының орталығына айналған парасаттылық мектептерінің жұмысы ұйымдастырылғанын мәлімдеді.

Ол үлгі ретінде ҚазҰУ мен «НАРХОЗ»-ды атады.

«Креативті жастардың қатысуын көру көңілге қуаныш сыйлайды. Өскелең ұрпақ түрлі форматтағы іс-шаралар мен қайырымдылық акцияларын өткізу, видеороликтер мен мультфильмдер әзірлеу арқылы парасаттылық қағидаттарын қолдайтынын көрсетуде», - деді А.Шпекбаев.

Серіктес жаңалықтары