Англияда алапат су тасқыны болды

Автор: Azattyq Rýhy

Ұлыбританияның бірнеше аймағында төтенше жағдай жарияланды

Фото: ашық дереккөзден

Ұлыбританияда бірнеше апта бойы тоқтаусыз жауған жаңбырдан бірқатар аймақтарда төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі euronews-ке сілтеме жасап

Англияның солтүстігіндегі Шеффилде жүздеген адам судың тез көтерілуінен жергілікті сауда орталығынан шыға алмай қалған. Сонымен қатар бірнеше темір жол желілері жабылып, мыңдаған жолаушы үйлеріне немесе жұмыстарына жете алмай отыр.