Аңшы лицензиясы енді электронды түрде беріледі

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі аңшылар лицензиясын беру және жануарлар әлемінің нысандарын алуға квоталар бөлу бойынша қызметтерді іске қосты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі аңшылық шаруашылықтың субъектілері мен аңшылар қоғамдық бірлестігінің республикалық қауымдастығы» және Балық шаруашылықтары қауымдастығымен бірлесіп eGov порталында бекітілген лимиттер негізінде аңшылар лицензиясын беру және жануарлар әлемінің нысандарын алуға квоталар бөлу бойынша қызметтерді іске қосты», - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

 

Тегтер: