ТЖД алматылықтардан тауға бармауды сұрайды

Автор: Azattyq Rýhy

Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: ашық дереккөзден

Төтенше жағдайлар департаменті Алматы тұрғындарын 10-11 қарашада тауға бармауды сұрайды, себебі тау өзендерінде су көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі  облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өңірде ескерту жарияланды.

«10-11 қарашада жауын-шашын жаууына байланысты Алматы облысындағы тау өзендерінде су деңгейі көтеріледі. Тұрғындардан қырағы болуды және тауға бармауларын сұраймыз», - делінген ТЖД хабарламасында.

Тегтер: