Бұл туралы Ведомствоаралық комиссияның отырысында белгілі болды
Елімізде медициналық масканың бағасы 60 теңге болып белгіленді. Бұл туралы Ведомствоаралық комиссияның отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
«Мемлекеттік органдармен, «Атамекен» ҰКП және отандық тауар өндірушілермен талқылаудың қорытындысы бойынша бір рет қолданылатын медициналық маскалардың шекті бөлшек саудадағы бағасы 80 теңгеден 60 теңгеге дейін, яғни 25%-ға төмендетілді», - делінген хабарламада.