Өскеменде клиенттің көлігін ұрлап кеткен слесарь ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Өскеменде техникалық қызмет көрсету станциясының слесарі клиенттің көлігін айдап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Патрульдік полицейлер қыркүйек айының басында ұрланған ВАЗ-2114 автокөлігіне ұқсас көлікті тоқтатты. Тексеру кезінде 30 жастағы ер адам көлік құралын басқаруға рұқсат беретін құжаттарды көрсете алмаған. Тәртіп сақшылары қосымша тергеу үшін оны полиция бөліміне жеткізді», - деп жазылған хабарламада.

Белгілі болғандай, ер адам өзі слесарь болып жұмыс істейтін техникалық қызмет көрсету станциясындағы клиенттің көлігін ұрлап кеткен. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.