Бұл облыстарда қатты жел соғады
Үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
14 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Жел - оңтүстік-батыстан, ал күндіз батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
14 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.
14 қыркүйек күні Қызылорда облысында жел күндіз солтүстік-батыстан, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.