Олар кезектен тыс пәтер алу үшін Тұрғын үй инспекциясының қызметкерлеріне пара берген
Түркістанда кезектен тыс пәтер алған тұрғындар пәтерін босату туралы қолхат жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Түркістан қаласында 2017 жылғы желтоқсанда Отырар шағын ауданының үш тұрғыны жаңа үйден кезектен тыс пәтер алу үшін Тұрғын үй инспекциясының қызметкерлеріне пара бергені анықталған. Қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп жазылған хабарламада.
Олар 10 күн ішінде пәтерді босатуы керек. Егер бұл шартты орындамаса, оларға қатысты қосымша шара қабылданады және жауапқа тартылады.