Синоптиктер Қазақстанда тағы да күн суытатынын ескертті

Автор: Azattyq Rýhy

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күндегі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі

Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктердің айтуынша, республиканың басым аумағында қар және жаңбыр жауып, көктайғақ болып, тұман түседі.

Қазгидрометтің хабарлауынша, демалыс күндері Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік-шығыс бағытта атмосфералық ауа ағымдары ығысады. Соның әсерінен көптеген облыста ауа райы жауын-шашынды болады. Қар және жаңбыр жауып, көктайғақ болады, тұман түседі.

«Атлантикалық жылы ауа массалары батыс бағыттан біртіндеп солтүстік-батысқа ауысады. Соған байланысты арктикалық теңіздерден суық ауа массалары ығысып, республикада күн тағы да суытады», - деп ескертті синоптиктер.

Тегтер: