Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 7 адам көз жұмды
Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 307 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 145 адам емделіп шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 29 235, 320 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 6 787-ге жетті», - деп жазылған хабарламада.
Айта кету керек, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 550 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 32 бала бар. Стационарларда 2 431 науқас жатыр. 2 119 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
«Жалпы науқастардың арасында 130 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 20 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 26 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - деп жазылған ақпаратта.