Түркістан қаласындағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы әкімдік ғимаратының алдында көліктің батып қалған видеосы әлеуметтік желілерде тарап кеткен еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Видеода жаңа салынған әкімдік алдына төселген тастар жұмсақ топыраққа төселіп, шағын автобус құдды сол топыраққа батқандай әсер қалдырады. Алайда, ол жер көлік жүруге арналмаған екен. Сондай-ақ, тастар асында су бұрқақтың құбырлары жүргізілген болып шықты. Көлік жүргізушісі оны байқамаған.
«3 қараша күні Түркістан облысы Түркістан қаласы әкімшілік-іскерлік орталығындағы облыстық әкімшілік ғимаратының алдында орналасқан жаяу жүргіншілерге арналған құрғақ фонтанның үстіне келген қонақтардың автокөлігі қауіпсіздік ережесін сақтамай, үстіне шығып сындырған болатын. Аталған кемшіліктер дер кезінде қайта қалпына келтірілген», - деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.