Өткен тәулікте коронавирустық пневмониядан 1 адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

1 тамыздан бері қайтыс болғандардың жалпы саны 316 адамға жетті

8 қыркүйекте Қазақстанда коронавирустың белгілері бар пневмонияға шалдыққан 450 адам тіркелсе, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, 372 адам аталған аурудан емделіп шыққан.

Осылайша, 1 тамыздан бүгінгі күнге дейін коронавирустың белгілері бар пневмониямен ауырғандар саны 28 228 адамға жетіп, 316 өлім жағдайы тіркелді. Ал жазылып шыққандардың саны 6 546-ға жетті.