Елордада Армениядан әкелінген 630 автокөлік әлі тіркеуден өтпеген

Автор: Azattyq Rýhy

Екі көлікті иелері қосалқы бөлшек ретінде сатып жіберген

Нұр-Сұлтан қаласындағы мамандандырылған ХҚКО-да Армения Республикасынан әкелінген көліктерді тіркеу жалғасуда, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Кеден органдарының мәліметтеріне сәйкес, елордада тіркелген азаматтардың атына Армения Республикасынан әкелінген 1387 көлік тіркелген. Оның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласында 953 көлік уақытша есепке қойылды, 196 көлік Нұр-Сұлтан қаласында, бірақ басқа өңірлерге рәсімделді.

630 көлік уақытша есепке қойылмай пайдаланылып жүр.

Сондай-ақ, тексеру барысында екі көлік Армения Республикасына қайта жөнелтіліп, екі көліктің қосалқы бөлшектерге сатылғаны анықталды.