Қазақстан 10 қыркүйектен бастап Өзбекстан және Қырғызстанмен әуе рейстерін қайта бастайды

Автор: Azattyq Rýhy

Елге шетелден келетіндер үшін тәртіп Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 15 тамыздағы қаулысымен анықталды

Қазақстан 10 қыркүйектен бастап Өзбекстан және Қырғызстанмен әуе рейстерін қайта бастайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі zakon.kz порталына сілтеме жасап. 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Мадияр Уақпаев растағандай, шешім «кешкі асқа дейін» қабылданды. Бір күннен кейін қазақстандықтар көрші республикаларға сапармен бара алады. 

Оның айтуынша, Ресеймен әуе қатынасы туралы мәселе әлі анықталған жоқ және мұнда бәрі Ресей тарапының жауабына байланысты. Өзбекстанның Қазақстанмен тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіруді жоспарлап отырғаны туралы ақпарат тамыз айының соңында пайда болды. Елге шетелден келетіндер үшін тәртіп Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 15 тамыздағы қаулысымен анықталды.