Мал ұрлығы бойынша пайда болған жеке бап өз күшіне енді

Автор: Azattyq Rýhy

Заң жобасына сәйкес, тараптардың татуласуы алынып тасталды

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның Қылмыстық кодексінде мал ұрлығына қатысты пайда болған жеке бап бойынша қыркүйек айының басында 5 адам жазаланған. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте мәлімеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  тілшісі. 

«Соңғы жылдары мал ұрлығы кәсіпке айналғандықтан, қылмыстық кодексте «мал ұрлығы» деген жеке бап пайда болған. Биыл Түркістан облысында 200-ге жуық ірі қараны ұрлап, ауыл тұрғындарына миллиондаған шығын әкелген ұйымдасқан қылмыстық топ өкілдері жаңа бап бойынша жазаланды. Мал ұрлығымен айналысқан 5 адамның әрбіреуі 8 жылдан бас бостандығынан айырылды», - деп атап өтті Марат Ахметжанов. 

Айта кететіні, аталған бап 2019 жылдың қыркүйек айында талқылауға түскен болатын.