Кеше COVID-19 белгілері бар пневмониядан бір адам көз жұмды
8 қыркүйекте коронавируспен ауырғандарға қатысты ақпарат
Өткен тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмониядан 1 адам қаза болды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
Қазіргі уақытта коронавирустан 4 892 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 32 бала бар. Стационарларда 2 680 науқас жатыр. 2 212 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы, науқастардың арасында 142 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 16 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
2020 жылғы 8 қыркүйектегі жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек:
Өткен тәулікте 16 жағдай тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 217 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамыздан 8 қыркүйекке дейін:
Науқастар саны – 27 778, өлім жағдайлары - 315, барлығы 6176 адам сауығып шықты.