Ресейде коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы айналымға шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Вакцина алдымен тәуекел тобындағы тұрғындарға салынады

Фото: ашық дереккөзден

Ресейде коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы айналымға шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Елдің Денсаулық сақтау министрлігі препараттарды өңірлерге жеткізу жақын арады жүзеге асырылатынын мәлімдеді.

«Гам-Ковид-Вак» (Спутник V) вакцинасы қажетті сынақтарынан өтіп, азаматтық айналымға шығарылды», – делінген хабарламада.

Вакцинаны Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы жасаған.

Бұған дейін Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Михаил Мурашко бұл кезеңдегі азаматтық айналым – тәуекел тобындағы тұрғындарды қамтиды деген. Яғни, алдымен мұғалімдер мен дәрігерлерді вакциналау жүргізіледі.