Әзірге бұл ережені бұзғандарға ешқандай жаза қарастырылмаған
Жапонияның Ямато қаласында көшеде смартфон экранына қарап жүруге тыйым салынды. Бұл қала Токиодан 30 км жерде орналасқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.
«Қаңтар айында Яматода сауалнама барысында 6 мың адамның 12 пайызы көшеде смартфонға қарап жүретінін мойындады. Қала билігі жаңа ереже енгізіп, әлемдік БАҚ-тың назарына ілікті. Бұл ережені бұзғандарға әзірге ешқандай жаза қарастырылмағанымен, қала билігі жобаның сәтті шығатынына сенімді», - деп жазылған ақпаратта.
Айта кету керек, Қытайдың Чунцина қаласында «смартфон-зопбилерге» арнайы жол жасалған. Ал Гавай аралдарындағы Гонолулу жерінде жолдан өткенде телефонға қарап жүргендерге айыппұл салынады.