Ол жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болған
Павлодарда ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды. Істің мән-жайын полиция анықтап жатыр, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
«Өңірлік денсаулық сақтау басқармасы жедел медициналық жәрдем дәрігерлерін Айманов көшесі, 18 мекенжайы бойынша шақырғанын хабарлады. Сол жерден кеудесінен пышақ жарақатын алған 30 жастағы ер адамның мәйіті табылды», - деп жазылған ақпаратта.
Ол жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.